01 наурыз – Алғыс айту күніне орай қан орталығына «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы» қызметкерлері қан тапсыру үшін келді.
«Донорлық қозғалыс адамдардың тағдырына бей – жай қарамайтын, өз қанын тапсыру арқылы басқалардың өмірін сақтап қалуға тырысатын, жақындары мен достарын донорлыққа тартатын, басқаларға ерікті және өтеусіз қан беру-шынайы адамгершілік әрекет екенін түсінетін барлық адамдарды біріктіреді. Біз тату ұжым ретінде шетте қала алмадық!»- деп атап өтті Достық үйінің қызметкерлері.
«Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК басшылығы акцияның барлық қатысушыларына шынайы алғысын білдіреді.
Құрметті донорлар! Жүректеріңізде адамдарға деген шексіз махаббаттың өмір сүргені үшін рахмет! Өзгелерге көмектесіп, өзгенің өмірін құтқара алғандарыңызға рахмет! Жасаған игі істеріңізге рахмет! Бар болғандарыңызға рахмет!
Біздің барлық ерікті өтеусіз қан донорларына мың алғыс!
Авторы: Мустафина М.А. @mira_akilbekovna
#донорлықакциясы
#Қанорталығы