OLYMP DAY: өмір үшін бірге!

OLYMP DAY: өмір үшін бірге!

25 тамызда «OLYMP DAY» іс-шарасы аясында «OLYMP» КДЗ қызметкерлері
кезекті рет қан доноры болып, адам өмірін сақтауға өз үлестерін қосу үшін Шығыс
Қазақстан облыстық қан орталығына келді.
Бұл күні «OLYMP» КДЗ-ның шамамен 15 қызметкері донорлық акцияға қатысты.
Ұжым үшін донорлық – бір реттік бастама ғана емес, сонымен қатар донорлық қан
компоненттеріне мұқтаж пациенттерді іс жүзінде қолдауға мүмкіндік беретін игі дәстүр.
Әсіресе, «OLYMP» КДЗ-ның көптеген жылдар бойы қанды өтеусіз донорлыққа
қолдау көрсетіп келе жатқаны және өз үлгісімен корпоративтік әлеуметтік
жауапкершіліктің қаншалықты маңызды екенін көрсетіп отырғаны ерекше атап өтуге
тұрарлық. Ұйым қызметкерлері донорлық күндерге тұрақты түрде қатысып, қан қоры
мен оның компоненттерінің қорын толықтыруға өз үлестерін қосуда.
Қанды өтеусіз донорлауды көп жылдар бойы қолдап келе жатқаны үшін Шығыс
Қазақстан облыстық қан орталығының басшылығы КДЗ «OLYMP»-тің ШҚО
филиалының директорына алғыс хат табыстады.
Мұндай қолдау айрықша құнды, өйткені әрбір донацияның артында тапсырылған
қанның мөлшері ғана емес, дәл қазір қан құюға мұқтаж адамға көмек көрсету мүмкіндігі
тұр.
«OLYMP» КДЗ ұжымына көпжылдық ынтымақтастығы, донорлық қозғалысты
белсенді қолдағаны, жанашырлығы және көмек көрсетуге әрдайым дайын болғаны үшін
алғыс білдіреміз!
Донор болуға уақыт тауып, игі іске үлес қосқан әрбір қызметкерге алғысымызды
білдіреміз. Сіздердің тапсырған қандарыңыз – еш нәрсемен алмастыруға келмейтін баға
жетпес көмек. Бірге жақсылық жасап, бірге адам өмірін сақтаймыз!

«Қан және оның компоненттерін донациялауға дайындық»27943 әскери бөліміндегі Донор күндері

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33