ВК ОЦК қызметкерлерін салтанатты құттықтау
2024 жылғы 13 маусымда медицина қызметкері күні қарсаңында қан орталығының қабырғасында салтанатты жиналыс өтті, жиналыс барысында біздің қызметкерлеріміз: Құдайбергенова Фарида Шакеевна, Новолодская Арина Ефимовна, Григорьева Светлана Викторовна және Волкова Надежда Владимировна ШҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының құрмет грамоталарымен марапатталды. Сондай-ақ, бұл күні кәсіпорын қызметкерлері ШҚОҚО басшылығы атынан мадақтамалармен және алғыс хаттармен марапатталды. Кәсіподақ комитеті қызметкерлерді Меломан/Marwin/Комфорт дүкендерінің сыйлық сертификаттарымен қуантты.
Денсаулық – кез-келген адам үшін баға жетпес байлық! Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтеген. Дәрігер мамандығы – аса жауапкершілікті, шыдамдылықты, өз ісіне деген сүйіспеншілікті қажет ететін ұлы мамандық. Дәрігер – адам жанының арашасы, адам жанының зерттеушісі, бағдаршамы, қорғаны. Медицина қызметкерінің кәсібі толығымен адамдарға қызмет етуге арналған. Медицина қызметкерлеріне ең қымбат – адамдардың өмірі денсаулығы, олардың жақсы жағдайда болуы сеніп тапсырылған. Құрметті әріптестер, сіздерге сарқылмас қайрат пен еңбектің адал жемісін тілейміз! Адам жанын арашалауда, кәсіби біліктілік пен асқан жауапкершіліктеріңізді көрсете отырып халықтың алғысна бөлене бергейсіздер.