Қан тапсыру-ынтымақтастық актісі
2024 жылғы 12 наурызда ҚР Қорғаныс Министрлігінің «Әскери-техникалық мектебі» РМҚК ӨФ-да Донор күні өтті. Бұл күні әскери-техникалық мектептің __ – ден астам курсанттары науқастарға қан тапсырды. «Қан тапсыру-ынтымақтастық актісі. Бұл адал ниеттілік, сыйластық, жанашырлық және мейірімділік сияқты ерікті өтеусіз қан донорлығының негізінде жатқан адами құндылықтарды білдіреді. Біз әрқашан донорлық акцияларды қолдаймыз және әлеуметтік жауапкершілік бағдарламаларын дамытуға өте мүдделіміз, өйткені қан тапсыру-бұл оны бөлісе алатындар үшін және оған мұқтаж адамдар үшін осындай қажеттілік, және біз бүгін тағы да Облыстық қан орталығын қолдап, донорлық күнді ұйымдастырдық»! – деп атап өтті Жанболат Молдағалиев.
Өз кезегінде, облыстық қан орталығының басшылығы ҚР Қорғаныс Министрлігінің “Әскери-техникалық мектебі” РМҚК ӨФ- ның запастағы полковнигі Жанболат Молдағалиевке өтеусіз донорлықты дамыту мен насихаттауға қосқан белсенді үлесі үшін шын жүректен алғысын білдірді. Барлық донорларға түсіністік пен жауапкершілік үшін алғыс айтамыз! Донорларға зор денсаулық, отбасыларына амандық тілейміз!