Құрметті донорлар!
Сіздердің жылы лебіздеріңіз, шынайы пікірлеріңіз бен қолдауларыңыз үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Біздің еңбегіміздің сіздердің жүректеріңізден орын алатынын білу біз үшін өте маңызды.
Әрбір пікіріңіз бізге шабыт беріп, ал әрбір жылы сөзіңіз донорлықтың адам өмірін сақтап қалу жолында жандарды біріктіретін үлкен игі іс екенін еске салады.
Жылы тілектеріңіз үшін ғана емес, сондай-ақ жанашырлықтарыңыз, мейірімділіктеріңіз және мұқтаж жандарға көмектесуге деген дайындықтарыңыз үшін де алғыс айтамыз. Дәл сіздердей жомарт жандардың арқасында көптеген адамдардың өмірге деген үміті артып, сауығып кетуге мүмкіндік алады.
Сіздерге зор денсаулық, отбасы амандығын, бақ-береке мен мол қуаныш тілейміз. Жасаған жақсылықтарыңыз өздеріңізге еселеп қайтсын!

