Мейірімділік-әлемді құтқарады!

Мейірімділік-әлемді құтқарады!

Сұлулық әлемді құтқарады деп жатады. Біз оны махаббат пен мейірімділік құтқарады деп санаймыз. Жақсылық – күллі тіршіліктің тұтқасы сияқты. Адам баласын игі істерге бастайтын ізгі жүректің қалауы – жақсылық. Қайырымды іс жасау кез – келген адамның қолынан келеді, бірақ оны тек адамгершілігі жоғары, рухани әлемі бай, жан дүниесі таза адамдар ғана жасайды. Ол басқаның жағдайын өз қамындай шынайы жүрегімен қабылдап, қандай қиын болса да, амалын табуға тырысады, не сөзімен, не ісімен жәрдем береді, шарапатын тигізеді.
2024 жылғы 17 қаңтарда “ШҚО бойынша “Азаматтарға арналған үкімет” МК ” КЕАҚ қызметкерлері қан компоненттерін құюды қажет ететін науқастарға қан тапсыру бойынша донорлық күн ұйымдастырды. Таңертеңнен бастап науқастардың өміріне бей-жай қарамайтын осы ұйымның қызметкерлері жұмыс күніне қарамастан алдыңғы қатарда тұрып қан тапсырды.
Бұл күні барлығы 55- тен астам адам қан тастыруга келді.
Біздің барлық донорларымызға мейірімді жүректері мен жасап жатқан игі істері үшін зор алғысымызды білдіреміз!

Объявление ТЕНДЕР №1Хабарлама №1 ЗЦП

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33