ШҚ ОҚО зертхана қызметкерлерін оқыту -иммуногематологиялық зерттеулер сапасын арттыруға қосқан үлес

ШҚ ОҚО зертхана қызметкерлерін оқыту -иммуногематологиялық зерттеулер сапасын арттыруға қосқан үлес

2026 жылғы 02-04 наурыз аралығында ШҚ ОҚО иммуногематологиялық қан
зерттеулері зертханасында қызметкерлерге арналған мамандандырылған оқыту
өткізілді. Оқытуға «Орто Клиникал Диагностикс» компаниясының өкілі,
зертханалық процестерді оңтайландыру жөніндегі маман қатысты. Іс-шара
қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және заманауи жабдықтармен
жұмыс істеуді жетілдіруге бағытталды.
Тренинг аясында мамандар ORTHO VISION иммуногематологиялық анализаторын
пайдалану мәселелері бойынша жан-жақты кеңес алды. Әсіресе, құрылғымен
жұмыс істеудің практикалық аспектілеріне ерекше назар аударылды: дұрыс баптау
және қосымша жұмыс профильдерін құру әдістемелерді бағдарламалау
ерекшеліктері, сондай-ақ зертханалық тәжірибе жағдайында құрылғыны күнделікті
қолдану алгоритмдері қарастырылды.
Оқытудың жеке бір бөлігі ішкі сапа бақылауын жүргізу бақылау материалдарын
талдау және алынған нәтижелердің дұрыстығын бағалау мәселелеріне арналды.
Компания өкілі иммуногематологиялық зерттеулер нәтижелерін интерпретациялау
критерийлерін егжей-тегжейлі түсіндіріп, типтік жағдайларды және жұмыс
барысында туындауы мүмкін стандартты емес жағдайларды талдап көрсетті,
Өткізілген оқыту зертхана қызметкерлеріне білімдерін тереңдетуге, анализатормен
жұмыс кезінде сенімділікті арттыруға және нәтижелерді интерпретациялау
дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік берді. Бұл өз кезегінде донорлық қан
зерттеулерінің сапасы мен сенімділігін жоғарылатуға ықпал етеді.
Оқыту нәтижесінде зертхана қызметкерлеріне сертификаттар тапсырылды.

Донорлық бағдаршам 30.03.2026ж.«Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» ҚБ Шығыс Қазақстан облыстық филиалында қан донорлығы тақырыбында дәріс өтті

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33