Қазақстандағы ТМККК пакеті медициналық көмектің кең спектрін қамтиды

Қазақстандағы ТМККК пакеті медициналық көмектің кең спектрін қамтиды

Қазақстандағы ТМККК пакеті медициналық көмектің кең спектрін қамтиды: 1. Шұғыл және кезек күттірмейтін көмек 2. Профилактикалық қарап-тексерулер және вакцинациялау 3. Тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету 4. Созылмалы аурулары бар пациенттерді динамикалық бақылау (инсульт, стенокардия, артериялық гипертензия, демікпе, нефрит және тыныс алу және ас қорыту ағзаларының аурулары және т. б.) 5. Әлеуметтік мәні бар ауруларымен ауыратын пациенттерді емдеу (онкология, туберкулез, қант диабеті, психикалық бұзылулар, АИТВ-ЖИТС, инфекциялар және т. б.) 6. Қымбат жоғары технологиялық операциялар 7. Стационарлық және стационарды алмастыратын көмек 8. Халықтың нысаналы топтарының скринингтері 9. Қан препараттарымен қамтамасыз ету 10. Паллиативтік көмек Салыстыру үшін басқа елдердегі ТМККК пакеті: Германия мен Нидерланды – тек ұзақ мерзімді мейіргерлік күтім Литва – шұғыл медициналық көмек Эстония – 4 ауруға шалдыққан пациенттерге медициналық көмек (АИТВ\ЖИТС, туберкулез, психикалық аурулар, инфекциялар және шұғыл медициналық көмек) Ресейде мемлекеттік медициналық көмек пакетіне мыналар кіреді: санитариялық авиация, АИТВ/ЖИТС, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, туберкулез және психикалық аурулар. Қазақстанда ТМККК пакеті шет елдердегі медициналық көмектің тегін тізбесінен едәуір асып түседі

Донорлар шақырамыз!E-DENSAULYQ ЭКОЖҮЙЕСІ: ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ ЫҢҒАЙЛЫЛЫҒЫ МЕН ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру бойынша белсенді жұмысын жалғастыруда. Қазіргі уақытта Денсаулық сақтау министрлігінің 17 мемлекеттік ақпараттық жүйесі және нарықта 20-дан астам медициналық ақпараттық жүйе жұмыс істейді. Олар жыл сайын 1900 медициналық ұйым ұсынатын 400 миллионнан астам медициналық қызметтерді өңдейді. Жүйеге 20 миллионнан астам азаматты қамтитын 422 мың медицина қызметкері тартылған. Деректердің тиімділігі мен интеграциясын арттыру үшін бірыңғай платформада қолданыстағы ақпараттық жүйелерді жаңғыртуды және шоғырландыруды көздейтін e-Densaulyq экожүйесінің тұжырымдамасы әзірленді. E-Densaulyq-ты енгізу денсаулық сақтауды басқарудың тиімділігін арттыруға және көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға қабілетті бірыңғай цифрлық кеңістікті құрудың іргетасы болады.

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33