Бүгін Облыстық қан орталығы Өскемен жоғары медициналық колледжінің болашақ зертханашылары, фельдшерлері және стоматологтары үшін танымдық экскурсия ұйымдастырды.
Бүгін Облыстық қан орталығы Өскемен жоғары медициналық
колледжінің болашақ зертханашылары, фельдшерлері және стоматологтары
үшін танымдық экскурсия ұйымдастырды.
Студенттер донорлық жолдың барлық кезеңінен өтіп, қан орталығының
ішкі көрінісін көрді: оның жұмысымен танысып, қан алу процесін бақылады,
сондай-ақ қанды талдау бөлімінің меңгерушісіне қызықтырған сұрақтарын
қою мүмкіндігіне ие болды. Экскурсия құнды әрі пайдалы болды -болашақ
дәрігерлер тәжірибе жүзінде қан қызметінің маңыздылығы мен рөлін көре алды.
Іс-шара соңында Өскемен жоғары медициналық колледжіне өтеусіз қан донорлығын қолдағаны және болашақ медицина мамандарын дайындауға
қосқан үлесі үшін шынайы алғыс айтылды.
Мұндай кездесулер жас мамандарда кәсіби ойлау қабілетін,
жауапкершілікті және гуманистік кұндылықтарды қалыптастыруға көмектеседі.








