Донорлық мектебі

Донорлық мектебі

«Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК халықты қан және оның компоненттерін донорлыққа үгіттеу жөніндегі қызметті жүзеге асыра отырып, өскелең ұрпақпен жұмысты жалғастыруда. Бүгін, 2024 жылғы 21 қарашада осындай сабақтардың бірі «С. Нұрмағамбетов атындағы №4 орта мектебі» КММ-нің 10 және 11 сынып оқушылары үшін «Қан-бұл өмір!» атты тақырыпта сабақ өтті. Сабақтың мақсаты – оқушыларға адам ағзасы үшін қанның маңыздылығын жеткізу, қан компоненттерін құюды қажет ететін науқастардың өмірін сақтау үшін қан тапсыратын адамдар туралы айту, оқушылардың қан және оның компоненттерін беру тақырыбына деген қызығушылығын ояту және болашақ қан донорларын дайындау. Сабақты қан орталығының донорлық кадрларды жинақтау бөлімінің мамандары: аға фельдшер Акентьева Елена және халықты донорлыққа үгіттеу жөніндегі маман Мустафина Мира өткізді. Мұндай сабақтардың нәтижелері: – салауатты өмір салты туралы түсініктерін қалыптастыру; – өз денесіне ұқыпты қарауды қалыптастыру; – алынған ақпаратты ата-аналарымен бөлісуге және оларды донорлық функцияларды жүзеге асыруға ынталандыруға деген ұмтылыс. Болашақ донорлар сабақтан кейін донорлықтың пайдалы, қажет және маңызды екеніне толықтай сенімді болды.

19 қарашада қан орталығына Өскемен қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Гүлмира Сагидуллинаның сенімді адамдары келдіЕң игі істердің бірі – мұқтаж жандарға көмек беру

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33