23 қазанда Республика күні қарсаңында «AQNIET» денсаулық сақтау және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Шығыс Қазақстан филиалы ұйымдастырған семинар өтті.
Кездесудің тақырыбы – «Кәсіподақтың құқықтық мәртебесі және бастапқы
кәсіподақ ұйымының рөлі» болды.
Қатысушылар кәсіподақтар қызметінің өзекті мәселелерін, қызметкерлерді
құқықтық қорғауды және ұжымдардағы әріптестік қатынастарды нығайтуды талқылады.
Бұл күні облыстық «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» байқауының
қорытындысы шығарылды, оның қорытындысы бойынша ШҚО қан орталығы құрметті екінші орынға ие болды!
Қан орталығының ұжымы мен кәсіподақ комитетін лайықты марапатымен құттықтаймыз!
Шығыс Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіндегі кәсіподақ қозғалысының
белсенді жұмысы, бастамашылығы және дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтамыз!

