Д. Ахметовтің облыстық қан орталығына сапары

Д. Ахметовтің облыстық қан орталығына сапары

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 2021 жылғы 19 -ыншы шілдеден бастап Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында біздің облыста осы қан компонентінің қолданыстағы банкін толықтыру үшін анти-COVID-19-ға қарсы иммундық плазманы дайындау жөнінде жұмыс қайта басталды.
Кеше 2021 жылғы 30 -ыншы шілде күні осы маңызды жұмысты насихаттау және қолдау, сондай-ақ өзінің жеке үлгісімен COVID-19 -бен ауырған науқастарды емдеу үшін иммундық плазма банкі болуының маңыздылығын көрсету мақсатында облыстық қан орталығына ШҚО әкімі Д. Ахметов келді. Даниал Кенжетайұлы иммундық плазманы донациялауды жүзеге асыра отырып, қан орталығы қызметкерлерінің ақ пейілділігі донорға донациялау рәсімінен ыңғайлы өтуге ықпал ететінін атап өтті. Қан орталығының қызметкерлері өз кезегінде донор Д. Ахметовтың физикалық дене бітімінің өте жақсы екенін атап өтті, бұл донорлықтың жоғарғы жас шегінің жоқтығын тағы да растайды, ең бастысы – дені сау болуы керек!
Даниал Кенжетайұлына көрсетілген гуманизм актісі үшін алғысымызды білдіреміз және қаламыздың донацияға қарсы көрсетілімдері жоқ, ауырып жазылған немесе COVID-ке қарсы екпе алған барлық тұрғындарын бізге облыстық қан орталығына иммундық плазма тапсыруға шақырамыз! Бәріміз осы қорқынышты ауруды бірге жеңеміз деген сенімдеміз!

АИТВ инфекциясы. АИТВ инфекциясына қан алу.№9 хабарландыру

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33