Желілік полиция қызметкерлері қан тапсырды

Желілік полиция қызметкерлері қан тапсырды

Қарашаның үшінші демалыс күні – Дүниежүзілік жол-көлік оқиғалары құрбандарын еске алу күні. Осыған байланысты, бүгін, 2023 жылдың 16 қарашасында «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК-не Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі полиция департаментінің «Өскемен-1 станциясындағы Желілік полиция бөлімі» ММ қызметкерлері «Тоқта! Көлік қағып кету қаупі бар!» акция аясында желілік полиция бөлімінің 20-дан астам қызметкері қан мен оның компоненттерін құюды қажет ететін науқастарға, оның ішінде ШҚО денсаулық сақтау ұйымдарына және ЖКО-дан кейін түскен науқастарға көмек ретінде қан тапсырды.

Біз барлық донорларға игі істер жасаған ашық жүректеріңіз үшін алғыс айтамыз! Сіздер жанқиярлықтың, мейірімділіктің жанашырлықтың жарқын үлгісісіздер! Өйткені, сіздер, қымбатты донорлар, қан тапсырып, ең жақсысын жасайсыздар-жақындарыңызға көмек көрсете отырып, өздеріңіздің бір бөліктеріңізбен бөлісесіздер!

Маңызды ақпарат! Қымбатты өскемендіктер, өтінеміз, жаяу жүргіншілер ережелерін сақтап және абай болыңыздар! Өмір бізге бір рет беріледі, сондықтан сіз бен біздің қолымызда оны лайықты және ұзақ өмір сүруге! Аман болыңыздар!

Қан тобы бойынша жұлдыз жорамалҚұрметті өскемендіктер, құрметті донорлар! Маңызды ақпарат!!!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33