Құрметті өскемендіктер, құрметті донорлар! Маңызды ақпарат!!!

Құрметті өскемендіктер, құрметті донорлар! Маңызды ақпарат!!!

Жолаушылар тасымалын басқару орталығы 2023 жылдың қараша айының басынан бастап №46 және №17 бағыттарда өзгерістер болатынын хабарлады.

№46 автобустың қозғалысы Сәтбаев даңғылы мен Жібек Жолы көшесінің қиылысынан жаңадан ашылған Есенберлин даңғылының бойымен жүзеге асырылатын болады. Содан кейін автобус Әл-Фараби, Көкжал Барақ көшелеріне шығып, қан орталығына барады. Әрі қарай бағыт сызбасы бойынша автобус Увалиев көшесіне дейін барады. Әл-Фараби көшесі мен жақында ашылған Есенберлин даңғылымен кері бағытта Сәтбаев даңғылының бұрын қолданыста болған бағыты бойынша “Өскемен вокзалы” терминалына дейін жүруді жалғастырады.

№17 бағыт Қ. Сәтпаев даңғылымен келесі аялдамалар арқылы өтеді: “20 шағын аудан”, “Л. Гумилев”, ” Ж. Шайжүнісов ” және одан әрі бұрынғы бағыты бойынша.

Құрметті біздің донорлар, біз сізді дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 8:30-дан 13:00-ге дейін қан орталығының қабырғаларында түскі үзіліссіз күтеміз. Сіздің донор болу және қан тапсыру туралы шешіміңіз біреудің өмірін сақтап қалудағы шешуші қадам болып табылады! Өйткені, тек сіз бен біз мұқтаж жандарға қол ұшын созу арқылы әлемді жақсырақ әрі мейірімді ете аламыз!

Желілік полиция қызметкерлері қан тапсырдыБіз еріктілерді іздейміз!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33