Козловцева Любовь Алексеевна

Козловцева Любовь Алексеевна

Козловцева Любовь Алексеевна – «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» жұқпаны диагностау  зертханасының зертханашысы. Любовь Алексеевна бүкіл өмірін біздің қан орталығымызға арнады, санитар лауазымынан зертханашы лауазымына  дейінгі үлкен жолдан өтті. 1976 жылы Любовь Алексеевна қан дайындау бөлімінің санитар лауазымына қабылданды, сонымен қатар жұмыс істей жүріп ,медициналық колледжде оқи бастады. Колледжді бітіргеннен кейін донорлық қанды апробациялау бөліміне зертханашы лауазымына қабылданды, ал 2011 жылы жұқпаны диагностау  зертханасына  ауыстырылды, ол осы күнге дейін зертханада жұмыс істейді.  Любовь Алексеевнаның жалпы медициналық өтілі 42 жыл.

Жанашыр,  шыншыл, жауапты, әрқашан көмекке келуге дайын. Ол өзінің кәсіби деңгейін үнемі жетілдіріп отырады. Любовь Алексеевна зертханашылардың буынын тәрбиелеп, үйретті. Адал еңбегі мен жоғары өндірістік көрсеткіштері үшін Любовь Алексеевна бірнеше рет Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы мен Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы басшысының құрмет грамоталарымен марапатталды. Сондай-ақ, Любовь Алексеевна кәсіпорында 25 жылдан астам жұмыс істеген маман ретінде “Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының «Құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.

Любовь Алексеевна өз кәсібі туралы үлкен жылулықпен айтады: «Қан орталығында жұмыс істеу-менің өмірім. Мен өз жұмысымды жақсы көремін, адамдарға белгілі бір дәрежеде көмектескенімді мақтан тұтамын. Мен бақытты адаммын деп сенімді түрде айта аламын. Өйткені,  жұмысқа  қуана-қуана барып, жұмысты жан – тәнінмен орындаудың  өзі бір  бақыт!».

Құрметті Любовь Алексеевна, Сіздің ерең еңбегіңіз үшін және жұмысыңызды жалғастырып, адам өмірін сақтап қалуға көмектескеніңіз үшін көп рахмет. Сізге зор денсаулық және барлық тілектеріңіздің орындалуын тілейміз.

Шмурыгина Светлана Александровна«Қан тапсыр, плазма бер, адамдарға өмір сыйла және оны жиі жаса!»

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33