«Қан тапсыр, плазма бер, адамдарға өмір сыйла және оны жиі жаса!»

«Қан тапсыр, плазма бер, адамдарға өмір сыйла және оны жиі жаса!»

Жыл сайын 14 маусымда бүкіл әлем елдері Дүниежүзілік қан доноры күнін атап өтеді. Бұл оқиға адамзаттың қауіпсіз қанға деген қажеттілігі туралы көпшіліктің назарын аударуға және қан донорларына адамдардың өмірін сақтап қалуға көмектескені үшін алғыс білдіруге себеп болады. Бұл күн өтеусіз, жүрегі таза және қанға мұқтаж адамдар үшін қан тапсыратындардың барлығына арналған.

Бүгін, 2023 жылғы 14 маусымда «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК – да (бұдан әрі-ШҚОҚО) Дүниежүзілік қан доноры күніне арналған қайырымдылық акциясы өтті.

Таңертеңнен бастап қан орталығының қызметкерлері бірінші қабатта барлық донорларды қарсы алды. Бұл күні донацияны жүзеге асыру үшін қан орталығына 120-дан астам адам келді. Донорлар безендірілген _фотоаймақты пайдаланып, естелік фотосуреттерге түсе алды. Асханада донорларды Қызыл Жарты Ай қоғамы ШҚО филиалының жайған ақ дастарханы күтіп тұрды. Және, әрине, бұл күні донациядан кейінгі барлық өтеусіз донорлар біздің серіктестеріміз __ дайындаған сыйлықтарға ие болды. Сондай-ақ, осы күні акт залында өткен жылы үнемі қан тапсырған қан донорларымызды грамоталармен марапаттау рәсімі өтті.

Ерікті өтеусіз донорлықты дамытуға Өскемен қаласының медициналық мекемелері мен басқа да ұйымдары, қан орталығы өткізетін донорлық күндерге жыл сайын белсенді қатысатын қызметшілер мен жұмысшылар баға жетпес үлес қосады. Осындай мерекеде жыл бойы ШҚОҚО-мен белсенді жұмыс жасаған ұйымдардың басшылары алғыс хаттармен марапатталды.

Өмірді құтқару үшін қан тапсыру-дені сау адамдардың зор құрметке лайықты заманауи жалпыадамзаттық адамгершілік әрекеті. Әрбір науқас өмірін құтқарып қалған донорларға ризашылығын білдіреді.

Құрметті біздің донорлар, Сіздерді осынау тамаша мереке – Дүниежүзілік қан доноры күнімен құттықтаймыз! Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз. Сондай-ақ жағымды естеліктерге айналатын қуанышты сәттерді тілегіміз келеді!

Козловцева Любовь Алексеевна«Погондағы донорлар»

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33