Шығыстың сүйкімді ханымдары!

Шығыстың сүйкімді ханымдары!

8 наурыз-Халықаралық әйелдер күні қарсаңында, 2021 жылдың 05 – інші наурызы күні облыстық қан орталығы сіздерді «Ал қанеки, қыздар!» атты акцияға қатысуға шақырады. Акцияның негізгі мақсаты-донорлыққа назар аудару және қан мен оның компоненттерін үнемі тапсыратын донор әйелдерді мадақтау.

Бұл күні біз қан орталығында тек аяулы әйелдерді ғана емес, ерлерді де күтеміз, себебі, бұл акцияға ерлер де қатыса алады. Акияға қатысушыларға біз тәтті сыйлықтар мен құттықтаулар дайындадық!

Акция уақыты 8.30-дан 13.00-ге дейін.
Біздің мекен-жайымыз: Өскемен қаласы, Көкжал Барақ көшесі, 11 № 17, 26, 43, автобустарымен және № 260 маршрутпен келе аласыз.

Өзіңізбен бірге жеке басты куәландыратын құжат болуы тиіс!

Достар біздің акцияға достарыңызды және туыстарыңызды шақыруды ұмытпаңыз!

Авторы: Мустафина М. А.

1 Наурыз – Алғыс айту күні!№5 хабарландыру

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33