Корпоративтік донорлық – бұл қызметкерлердің денсаулығына қамқорлық жасаудың тамаша мүмкіндігі және ұжымды біріктіру құралы.

Корпоративтік донорлық – бұл қызметкерлердің денсаулығына қамқорлық жасаудың тамаша мүмкіндігі және ұжымды біріктіру құралы.

2024 жылдың 23 ақпанында қан орталығына «Біріккен Энерго сервистік Компания»АҚ-ның ұжымы қан тапсыруға келді.  Бұл күні  кәсіпорынның 10 астам қызметкері донор болды.

«Біріккен энергосервистік Компания» АҚ басшылығы донорлық қозғалысқа үлкен көңіл бөледі. Донор күнін ұйымдастырып, қан тапсыруға келіскен қызметкерлерге қажетті қолдау көрсете отырып, компания маңызды әлеуметтік бағдарламаның қатысушысы болып қана қоймай, ұжымда корпоративтік құндылықтарға қатысу және міндеттеме мәдениетін дамытады.

Қызметкерлердің донорлық акцияларға қатысуға деген ұмтылысын кәсіпорын басшылығы сөзсіз қолдады.

Корпоративтік донорлық – бұл қызметкерлердің денсаулығына қамқорлық жасаудың тамаша мүмкіндігі және ұжымды біріктіру құралы. «Біріккен Энерго сервистік Компания» АҚ сияқты ірі кәсіпорынның донорлық қозғалысқа  қатысуы, ең алдымен Өскемен қаласының және жалпы облыстың басқа кәсіпорындары мен мекемелері үшін жақсы үлгі болып табылады. Донорлық қан акциядан акцияға емес, үнемі қажет және бізбен бірге қызмет жасайтын, сонымен қатар,  болашақта қан мен оның компоненттерінің өтеусіз донорлығын насихаттайтын жаңа ұйымдар донорлықтың игі ісіне қосылады деп үміттенеміз.

Қанға мұқтаж пациенттердің денсаулығы үшін өтеусіз қан тапсырған  әрбір донорға алғыс білдіреміз. Дендеріңе  саулық, отбасыларына амандық  тілейміз!

 

Донордың қол терісінің (шынтақ бүгілуінің) тазалығын бактериологиялық бақылауДонорский светофор

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33