Мейірімділік әлемді нұрға бөлейді!

Мейірімділік әлемді нұрға бөлейді!

Бүгін 2021 жылдың 14 – інші маусымында облыстық қан орталығында біздің серіктестеріміздің Қызыл Жарты Ай қоғамының ШҚО филиалы, «Eira Med» ЖШС және кореялық «Ukabeauty» @ukabeauty. сәндік косметика тері күтімі дүкені қолдауымен « Қан тапсыр, адамдарға өмір сыйла!» атты ұранмен донорлық акция өтті.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Қызыл Жарты Ай қоғамы — Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай халықаралық қозғалысының гуманизм, бауырмалдық және ақысыз көмек идеялары мен принциптерін Қазақстан қоғамында орнықтыруға күш салатын ізгілікті қоғам.Қазақстан Республикасының түрлі қалаларында 18 филиалы бар. Оның бірі-Өскемен қаласында орналасқан Қызыл Жарты Ай қоғамының ШҚО филиалы.
Бүгінгі таңда Қызыл Жарты Ай қоғамы ШҚО филиалының директоры Арайлым Әбілғалымованың басшылығымен қан орталығына ерікті өтеусіз донорларды жұмылдыру арқылы қолдау көрсетіп келеді.
«Eira Med» ЖШС бас директоры Әбдіхалиев Марат Халилұлұлының басшылығымен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіру зауыты медициналық бұйымдарды өндіріп қана қоймай, ҚР – да өтеусіз донорлықты қолдайды. Гемакондар – қанды дайындауға және оның компоненттерін алуға арналған «Eira Med» ЖШС – де өндірілетін бір рет қолданылатын контейнерлер. Марат Халиллұлұлына Қазақстанның қан орталықтарын медициналық мақсаттағы бұйымдармен жабдықтап қана қоймай, өтеусіз қан донорларын сыйлықтармен марапаттағаныңыз үшін үлкен алғыс білдіреміз.
Барлығына арналған ең бірегей косметика тек корей тері күтімі және «Ukabeauty» сәндік косметика дүкенінде. Дүкен басшысы Шмидт София Витальевнаға біздің донорларымызға косметикалық жиынтық түрінде ұсынылған сыйлықтар үшін үлкен рахмет айтамыз. Біз серіктестерімізге мейірімділіктері мен жасаған игілікті істеріне және жұмысымыздың маңыздылығын түсінгені үшін шын жүректен алғыс айтқымыз келеді. Сіздерге зор денсаулық, амандық, бақыт тілейміз!

Құрметті Өскемен қаласының және облыстың тұрғындары!КВИ-ға қарсы вакцинаны

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33