Донорларға көп рахмет!
Облыстық қан орталығына қаламыздың тұрғындары Ботагөз Әділбекқызы немересі Ринат Молдақановпен бірге қан тапсыруға келді.
«Біз бүгін немереміз бен бірге облыстық қан орталығына қан тапсыру үшін келдік. Бұл мекеменің табалдырығын алғаш рет аттап тұрсақта, бізді қарсы алған жылы жүзді мейірбикелердің мейірімділігіне, адамның жанына ләззат сыйлайтын тазалыққа, жылылыққа куә болып қуанып қалдық. Кең, жарық, әдемі ғимараттың іші үйлесімділігімен адамға тамаша көңіл күй сыйлайды екен. Қан орталығын туған күнімен құттықтаймыз! Орталықтың қызметкерлеріне еңбектеріне табыс, отбасыларына бақыт, дендеріне саулық тілейміз!»- деп атап өтті қан орталығының қонақтары.
Біз де өз тарапымыздан қан тапсыруға келген донорларға алғысымызды білдіреміз! Біздің донорларға мықты денсаулық тілейміз!