Донорлармен/пациенттермен қарым-қатынастық дағдылар туралы
Қарым-қатынассыз адамның қоғамдағы өмірін елестету мүмкін емес. Адам өмірінің барлық салалары дұрыс құрылған қарым-қатынастың арқасында дамиды. Қарым – қатынастық дағдылар-бұл тиімді байланыс жасау, әңгімелесушіні тыңдау және есту қабілеті, оның психологиялық жағдайын түсіну. Қан орталығының қызметкерлері үшін донорлармен мейірімді байланыс орнату өте маңызды, өйткені донорға медициналық қызметкердің оған деген көзқарасы және қарым-қатынаста дұрыс көзқарас үлкен әсер етеді. Олар донордың жағымды психологиялық және эмоционалды жағдайын қалыптастырады. Өйткені, донорлар өз қанын беру арқылы өмірді құтқарады. Миллиондаған адамдар өмірлерін құтқарған, бұрын – соңды көрмеген адамдарға-өз еркімен және өтеусіз қан тапсыратын донорларға қарыздар.
Донорлармен күнделікті қарым-қатынас үрдісінде әр донормен дұрыс қарым-қатынас орнатуды қажет ететін әртүрлі жағдайлар туындауы мүмкін. Қан қызметі қызметкерлері донормен қарым қатынастың мақсаты келесідей екенін есте ұстауы керек: донорға донация үрдісінен қауіпсіз және ыңғайлы өтуге көмектесу, донордың қан тапсыру ниетін нығайту, басқа адамдардың өмірін сақтап үшін қан тапсырған әрбір донорға құрмет пен ризашылық білдіру.
Қан орталығының қызметкерлерінде қарым – қатынастық дағдыларды дамыту және тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында оқыту тұрақты негізде жүргізіледі. Біздің «Этикалық кодексте» жазылған донорлармен/пациенттермен қарым-қатынастың негізгі ережелерін тізімдейміз: донорларды жылы шыраймен күлімсіреп қарсы алу, мейірімді үнмен, ақырын жауап беру, құрмет көрсету, мұқият болу, донорға қан орталығына келгеніне және/немесе қан тапсырғаны үшін алғыс айту.