Донорлық демалыс

Донорлық демалыс

Донорлық жыл – бірінші донация жасалған сәттен бастап есептелетін
12 айлық кезең. Донорлық жыл күнтізбелік жылмен сәйкес келмейтінін
ескеру маңызды. Донорлық жыл ішінде қан мен оның компоненттерін белгілі
бір шектеулі рет тапсыруға болады. Қан тапсыру арасындағы ең аз аралық –
60 күн, яғни қан екі айда бір рет тапсырылады. Сонымен қатар шектеулер
бар: әйелдер үшін – жылына 4 рет, ер адамдар үшін – жылына 6 рет. Қан
компоненттерін (плазма және тромбоциттер) тапсыру кезінде донациялар
арасындағы аралық 14 күнге дейін қысқарады. Бұл ретте қатарынан 20
донациядан кейін донорға бір айлық үзіліс беріледі.
Донор белгіленген донациялар шегіне жеткен жағдайда, жаңа
донорлық жылы басталғанға дейін донорлық демалысқа жіберіледі. Кейбір
жағдайларда донорлық демалыс белгіленген мерзімнен бұрын берілуі
мүмкін. Бұл донордың зертханалық зерттеу нәтижелеріне, денсаулық
жағдайына немесе донордың өз қалауы бойынша донорлықты уақытша
тоқтатуына байланысты болуы мүмкін.
Донорлық демалыс – ағзаны қалпына келтіруге арналған маңызды
кезең. Осы уақытта донорға теңгерімді тамақтану, сұйықтықты көбірек ішу,
жеткілікті демалу және ұйқы режимін сақтау ұсынылады. Сондай-ақ, ақуызға
бай тағамдарды тұтынуды ұмытпаған жөн, өйткені қандағы гемоглобин
деңгейі соған байланысты. Ақуызға бай өнімдерге ет, балық, қарақұмық,
бұршақ тұқымдастар (жасымық, үрме бұршақ және т.б.) және басқа да
тағамдар жатады. Бұдан бөлек, тағам рационына кептірілген өрік, қара өрік,
өрік қағы, мейіз, інжір, құрма және кептірілген алманы қосу ұсынылады.
Кептірілген жемістер зат алмасуды қалпына келтіруге, жүрек қызметін
жақсартуға және еңбекке қабілеттілікті арттыруға ықпал етеді.
Құрметті донорлар! Бұл ақпараттың қан орталығына келу мерзімін
дұрыс жоспарлауға көмектеседі деп сенеміз. Адам өмірін сақтап қалуға
қосып жүрген баға жетпес үлестеріңіз үшін сіздерге шын жүректен зор
алғысымызды білдіреміз. Сіздерді әрдайым ерікті, өтеусіз қан және оның
компоненттерінің донорлары қатарында көруге қуаныштымыз. Ізгі
ниеттеріңіз бен азаматтық жауапкершіліктеріңіз үшін тағы да алғыс айтамыз!

Алақай! Шығыс Қазақстанның донорлары үшін жаңа мүмкіндіктер!БІРІКТІРЕТІН ИГІ ІС!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33