Донорлық – түсінуден және көмектесуге деген ниеттен басталады.
Өскемен жоғары политехникалық колледжінде қан донорлығына және оның
адам өмірі мен денсаулығы үшін маңызына арналған танымдық кездесу өтті.
Студенттерге арналған дәрісті Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының
халықты донорлыққа насихаттау жөніндегі маманы, Өскемен қалалық «Қазақстанның
болашағы үшін» жастар қоғамдық бірлестігінің ерікті – үйлестірушісі Мира
Мустафина өткізді.
Кездесу барысында жастар қан компоненттерінің кімдерге қажет екенін, қан
тапсыру рәсімінің қалай өтетінін, кімнің донор бола алатынын және тұрақты түрде
ақысыз қан тапсырудың өзара көмек мәдениетінің маңызды бөлігі екенін білді.
Кездесу барысында әрбір донорлықтың артында нақты адамдардың тағдыры
тұрғанына ерекше назар аударылды. Қан немесе оның компоненттері ота кезінде.
жарақаттан кейін, ауыр ауруларды емдеу барысында және шұғыл медициналық көмек
қажет болатын басқа да жағдайларда пациенттерге қажет болуы мүмкін.
Мұндай кездесулер жастарға донорлық туралы нақты әрі пайдалы ақпарат алып
қана қоймай, қарапайым ақиқатты түсінуге мүмкіндік береді: кейде адамға көмектесу
үшін өз уақытыңнан небәрі бірнеше сағат бөлу жеткілікті.
Жас ұрпақ арасында ақысыз донорлық мәдениетін қалыптастыру – өзара көмек
пен өзге адамның өміріне деген жауапкершілік қоғамның табиғи құндылықтарына
айналатын болашаққа қосылған маңызды үлес.
Өскемен жоғары политехникалық колледжінің студенттері мен ұжымына
тақырыпқа қызығушылық танытып, ашық пікір алмасуға қатысқандары үшін
алғысымызды білдіреміз! Бүгінгі кездесу біреу үшін донорлыққа және игі істерге
бастар алғашқы қадам болсын!
Бір рет қан тапсыру – біреуге өмірге деген үміт сыйлау мүмкіндігі!


