Құрметті Думан Арысланұлы, туған күніңіз құтты болсын!

Құрметті Думан Арысланұлы, туған күніңіз құтты болсын!


Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының ұжымы Ағламбеков
Думан Арысланұлын туған күнімен шын жүректен құттықтайды!
Думан Арысланұлы – мейірімді жүректі, көп жылдар бойы қан мен оның
компоненттерін, соның ішінде тромбоциттерді тапсырып келе жатқан жан.
Оның донорлық жолы – мейірімділіктің, қайырымдылықтың және
адамдарға көмектесуге деген шынайы ниеттің жарқын үлгісі.
Әрбір донация – өмір үшін күресіп жатқан жандарға үміт сыйлап,
науқастардың қажетті ем алуына мүмкіндік беретін және
жақындарына қайта қауышуға жол ашатын игі іс.
Сізге зор денсаулық, отбасылық амандық, бақыт, ұзақ ғұмыр және
сарқылмас күш-қуат тілейміз! Адамдарға жасаған жақсылығыңыз өзіңізге
еселеніп оралсын! Жақындарыңыздың ортасында қадір-құрметке бөленіп,
әр күніңіз көтеріңкі көңіл күй мен жарқын сәттерге толы болсын!
Донорлық қозғалысқа көп жылдан бері адалдық танытып,
жанашырлығыңызбен талай адамның өмірін сақтап қалуға қосқан үлесіңіз
үшін Сізге шын жүректен алғыс айтамыз!
Туған күніңіз құтты болсын! Сізге бақыт, зор денсаулық және , ашық аспан тілейміз!

Донорлық эстафета Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-де жалғасуда!Донорлық мейірімді жүректен басталады!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33