Үздіксіз білім алу — кәсібиліктің кепілі!

Үздіксіз білім алу — кәсібиліктің кепілі!

Медицина қызметкерінің кәсібилігі — бұл тек тәжірибе ғана емес, сонымен қатар үнемі дамуға, білімін жетілдіруге және практикалық дағдыларын шыңдауға деген ұмтылыс.

Біздің қан орталығында ішкі оқыту кәсіби қызметтің маңызды бөлігі болып табылады. Әрбір қызметкердің біліктілігі медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігіне, сондай-ақ донорларымыз бен пациенттеріміздің денсаулығына тікелей әсер етеді.

Қыркүйек айында ШҚ ОҚО мамандары оқу сабақтары мен практикалық тренингтерге қатысты:

  1. ДҚ жөніндегі ІБҚ басшысы Г.У. Матаева ШҚ ОҚО-на келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртіbi мәселелері бойынша оқыту өткізді.
  2. Эпидемиолог С.М. Азтаева вирустық гепатиттердің алдын алу, еңбек гигиенасы және қызметкерлердің денсаулығын сақтау мәселелері туралы ақпарат берді.
  3. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженер Қ.М. Кабдрахманова ұйым ғимаратында және аумағында қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша практикалық тренинг өткізді.
  4. ҚжКДБ дәрігер-трансфузиологы Д.Ш. Умырзаков «Көк код» тақырыбында оқу сабағын өткізді. Сабақ барысында қызметкерлер қолайсыз жағдайлар туындаған кезде әрекет ету алгоритмін және шұғыл көмек көрсету тәртібін практикалық тұрғыда пысықтады.
  5. Шаруашылық меңгерушісі А.В. Боровиков «Қызыл код» тақырыбында оқу-жаттығу өткізді. Жаттығу барысында өрт болған жағдайда әрекет ету, адамдарды хабардар ету және донорларды эвакуациялау тәртібі пысықталды.
  6. Дәрігер-әдіскер А.В. Асаубаева медициналық ұйымдағы құпия ақпаратты қорғау, сондай-ақ деректердің дұрыстығын қамтамасыз ету және валидациялау мәселелерін түсіндірді.

Мұндай іс-шаралар мамандардың кәсіби даярлық деңгейін жоғары деңгейде ұстап тұруға, білімдерін уақтылы жаңартып, алған білімдерін тәжірибеде сенімді қолдануға мүмкіндік береді. Үздіксіз даму — кәсіби команданың, қауіпсіз жұмыстың және донорларымыз бен пациенттеріміздің сенімінің негізі.

Қан донорлығы білімнен басталады, ал үлкен қайырымдылық көмектесуге деген ниеттен басталады!Шабыт сыйлайтын алғыс. Артында адам өмірі тұрған еңбек!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33