Өскемен экономика және техника колледжінде жастар арасында өтеусіз қан донорлығы мәдениетін қалыптастыруға бағытталған қан донорлығы тақырыбында танымдық дәріс өтті.
Дәрісті Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының халықты донорлыққа
насихаттау жөніндегі маманы, «Қазақстан болашағы үшін» Өскемен жастар қоғамдық
бірлестігінің еріктілер-үйлестірушісі Мира Мустафина, сондай-ақ «№2 жалпы білім
беретін мектебі» КММ-нің 11-сынып түлегі, ерікті Виктор Алексеевич Боровиков
өткізді.
Кездесу барысында олар студенттерге қан донорлығының маңызы туралы,
донорлық қанның күн сайын қан құюды қажет ететін науқастардың өмірін сақтап
қалуға қалай көмектесетіні жөнінде жан-жақты айтып берді. Виктор Алексеевичтің
донор жолы туралы, донорлықпен алғаш танысқан сәттен бастап, адамдарға
көмектесудің орасан зор құндылығын түсінуге дейінгі өз тәжірибесін баяндағаны
студенттерге ерекше әсер қалдырды.
Ол бір кездері қан орталығының қызметкерлері өзіне де донорлықтың барлық
кезеңдерін түсіндіріп, жауапкершілік пен адамгершіліктің маңызын ұғындырып,
шабыт бергенін айтып бөлісті. Ал бүгін Виктордың өзі үлкен донорлық топтың бір
бөлігіне айналып, осы білімін жастарға жеткізіп, жаңа буынды игі әрі маңызды істер
жасауға ынталандырып жүр.
Мұндай кездесулер жастардың бойында әлеуметтік жауапкершілік сезімін,
мейірімділік пен жанашырлықты қалыптастыруға ықпал етеді. Сондай-ақ бір ғана
донордың өзі біреуге өмір сүруге мүмкіндік сыйлай алатынын терең түсінуге
көмектеседі.













