13 сәуір күні С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті студенттері үшін қан донорлығы тақырыбында лекция өтті
Аудитория алдында Облыстық қан орталығының мамандары: донорларды
жинақтау бөлімінің меңгерушісі Әлия Сәрсенбаева және қан орталығының
халықты донорлыққа насихаттау жөніндегі маманы, «Қазақстанның болашағы
үшін» Өскемен жастар қоғамдық бірлестігінің еріктілер-үйлестірушісі Мира
Мустафина сөз сөйледі. Спикерлер қан донорлығының маңыздылығын, оның адам
өмірін сақтап қалудағы рөлін және донорлық қорды тұрақты түрде толықтырып
отырудың қажеттілігін жан-жақты түсіндірді.
Айта кету керек. Шығыс Қазақстан облысының студенттері донорлық
қозғалысты белсенді түрде қолдайды және көмек көрсетуге бағытталған
бастамаларға жиі қатысады. Сондықтан жастарға донорлықтың маңыздылығын
үнемі еске салып, мейірімділік пен әлеуметтік жауапкершілік сезімін дамыту маңызды.
Мұндай кездесулер донорлық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етіп.
студенттерді игі іске
адам өмірін сақтап қалу миссиясына қатысуға
шабыттандырады.


