17 наурыз — Қайырымдылық күні
Бұл күні әр адам жақсылық жасап, жылу сыйлап, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созғысы келеді. Өйткені бір ғана игі іс біреудің өмірін сақтап қалуы мүмкін.
Осы күні, 17 наурызда, Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығына игі мақсатпен ШҚО Полиция департаментінің қызметкерлері батальонмен бірге, кадр қызметінің бастығы Баяндинов Марат Бексолтанұлының жетекшілігімен келді. Олардың бұл келуі — жай ғана акцияға қатысу емес, азаматтық жауапкершіліктің және қоғамға адал қызмет етудің жарқын үлгісі.
Айта кету керек, полиция қызметкерлері — донорлық қозғалыстың сенімді тірегі. Олар әрдайым үндеуге үн қосып, қан тапсыруға келіп, өмір үшін күресіп жатқан жандарға қолдау көрсетіп келеді.
Олардың қатысуының арқасында қан қоры толықтырылды. Бұл алдағы ұзақ мерекелік күндер қарсаңында ерекше маңызды.
Көрсеткен жанашырлықтарыңыз, қамқорлықтарыңыз және адам өмірін сақтауға қосқан үлестеріңіз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Сіздердің үлгілеріңіз көпшілікке шабыт беріп, жақсылық әрқайсымыздан басталатынын еске салады.

