«Бізге жиі донорлар: неге жұмыс берушілер қан тапсырғаннан кейін демалыс күндерін беруден бас тартады, егер заң бойынша олар беруге тиіс болса?» деген сұрақпен жүгінеді.

«Бізге жиі донорлар: неге жұмыс берушілер қан тапсырғаннан кейін демалыс күндерін беруден бас тартады, егер заң бойынша олар беруге тиіс болса?» деген сұрақпен жүгінеді.

«Қазақстан Республикасында донорлыққа қатысты әлеуметтік кепілдіктер заңнамада
бекітілген.
Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі
туралы» Кодексі – 208-бап
Қанды және (немесе) оның компоненттерін ерікті және ақысыз тапсырған донорға келесі
кепілдіктер беріледі:
1.орташа жалақыны сақтай отырып, медициналық тексеру, қан және (немесе) оның
компоненттерін тапсыру уақытына жұмыстан босату;
2.орташа табысты сақтай отырып, қосымша демалыс күні,
ол жыл сайынғы еңбек демалысына қосылады немесе донордың қалауы бойынша
жыл ішінде басқа уақытта беріледі;
3.Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да кепілдіктер.
Сонымен қатар, қан және (немесе) оның компоненттерін тапсырған күндері донорды ауыр,
қауіпті немесе шиеленісті жұмысқа, түнгі кезекшілік жұмысқа немесе қосымша мерзімінен
тыс жұмысқа тартуға болмайды.
Бұл норма донорларға берілетін кепілдіктердің арнайы денсаулық сақтау туралы заң
деңгейінде бекітілгенін білдіреді және олар жұмыс берушінің ішкі ережелеріне қарамастан
қолданылады.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі – 126-бап.
Донор болып табылатын қызметкердің қан мен оның компоненттерін тексеру және
донациялау уақытында жұмыс орны (лауазымы) және орташа жалақысы сақталады,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына
сәйкес өзге де кепілдіктер беріледі.
Неліктен кейбір басшылар бас тартады
Себептер әртүрлі болуы мүмкін:
1.қызметкерлердің жетіспеушілігі – әсіресе шағын ұйымдарда.
2.заңнаманы білмеу-барлық басшылар донорларға кепілдік беру ережелерімен жақсы
таныс емес.
3 ұйымдастырушылық қиындықтар – жұмыс күнінде ауыстырудың болмауы.
Маңызды ескерту: бұл тек ұсыныс емес, Қазақстан Республикасының нормаларымен
расталған заңдық міндетті кепілдік. Донорлық – қоғам денсаулығына қосқан үлес.
Мемлекет донорларды тек сөзбен ғана емес, нақты әлеуметтік кепілдіктермен де
қолдайды.
Құрметті Шығыс Қазақстан тұрғындары! Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы 26 жылғы 21-22 сәуір күндері гемопоэздік дің жасушалар (ГДЖ) донорлары қатарына қосылуға ниет білдірген барлық азаматтарды шақырадыДонорлық бағдаршам 2026 жылғы 23 сәуірдегі жағдай бойынша

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33