Әлеуметтік желілер және қан донорлығы

Әлеуметтік желілер және қан донорлығы

Бүгінде әлеуметтік желілер қан донорлығын дамытуда маңызды рөл
атқарады. Олар арқылы донорларға шұғыл қажеттілік туралы ақпарат тез
таралып, көмек көрсету оқиғалары мен қан тапсыру туралы хабарландырулар
жарияланады Бұл донорлық қозғалысқа көбірек адамдарды тартуға және
адам өмірін сақтап қалуға ықпал етеді.
Алайда мұнымен қатар маңызды бір мәселе – ақпараттың сенімділігі
туындайды. Интернетте қанды шұғыл тапсыру қажеттілігі туралы ресми
емес, ескірген немесе тіпті жалған хабарландырулар да жариялануы мүмкін.
Мұндай ақпарат адамдарды жаңылыстырып, негізсіз алаңдаушылық туғызуы
ықтимал. Сондықтан тек сенімді әрі ресми ақпарат көздеріне ғана сүйену өте
маңызды. Донорлар біздің қан орталығының әлеуметтік желілердегі ресми
парақшаларында жарияланған ақпаратқа ғана сенім артуы тиіс:
https://instagram.com/centrkrovioskemen?igshid=YmMyMTA2M2Y=
https://vk.com/id358913783
https: //ok.ru/profile/577709246113
https://www.facebook.com/profile.php?id=100054428863660
Бұл парақшаларда қанға деген қажеттілік, қан тапсыру уақыты мен
шарттары туралы өзекті әрі сенімді ақпарат жарияланады. Сонымен қатар,
онда күн сайын облысымыздағы пациенттер үшін донорлық қанға деген
қажеттілік туралы ақпарат, яғни «Донорлық бағдаршам» орналастырылады.
Қан орталығының ресми парақшалары – жарияланған ақпараттың
мамандар тарапынан тексерілгенінің және өзектілігінің кепілі. Оларға жазылу
сіздің көмегіңіздің шынымен қажет болып тұрған жерге бағытталатынына
сенімді болуға мүмкіндік береді.
Қан орталығымыздың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына
жазылыңыздар, ақпаратты достарыңызбен бөлісіңіздер және тек тексерілген
хабарламалардың таралуына үлес қосыңыздар. Мүмкін, дәл сіздің бөліскен
ақпаратыңыз немесе донор болуыңыз біреудің өмірін сақтап қалар.

Қызметкерлерді үздіксіз оқыту – кәсіби дамудың негізіКөрінбейтін қалқан»: ШҚ ОҚО орталығының жұқпаларды диагностау зертханасы қалай жұмыс істейді

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33