Author Posts

Халықаралық медбикелер күні қарсаңында «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК бас медбикесі Булгакова Наталья Васильевна жоғары қоғамдық марапат – «AQNIET» кәсіподағының «Құрметті кәсіподақ қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.

Кәсіби еңбек жолын Өскемен медициналық училищесін «фельдшер» мамандығы бойынша бітіргеннен кейін бастады. Кейін Сібір мемлекеттік медицина университетін «Медбике ісі» мамандығы бойынша «Менеджер» біліктілігімен үздік аяқтады. Ал 2026 жылы «Менеджмент» бағыты бойынша магистратураны бітірді. Наталья Васильевна Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында 2009 жылдан бері еңбек етіп келеді. Оның қатысуымен жаңа мұздатылған плазманы карантиндік сақтау жүйесі енгізіліп, […]

Қан тапсырып, өмірді сақтаңыз!

Кейде ең бағалы сыйлықты сатып алу мүмкін емес. Оны тек сыйлауға болады. Бір рет қан тапсыру арқылы бірден бірнеше науқасқа көмек көрсетуге болады. Олар дәл қазір өмір үшін күресіп жатыр. Шетте қалмаңыз. Донор болыңыз! Бүгінгі игі ісіңіз біреуге ертеңгі өмір сыйлауы мүмкін. Сіздерді Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында күтеміз. Донорларды қабылдау: дүйсенбі – жұма 08:30-дан […]

Өмірді күн сайын құтқаратын жандар да донор бола алады

29 шілде күні «Ана мен бала орталығы» ШЖҚ КМК-да (бұдан әрі – АмБО) кезекті Донор күні өтті. Аурухана қызметкерлері тағы да игі бастамаға қолдау білдіріп, ерікті түрде қан тапсырып, дәл қазір көмекке аса мұқтаж жандарға үміт сыйлады. Күн сайын медицина қызметкерлері пациенттердің денсаулығы мен өмірі үшін күреседі. Бірақ бұл күні олар тек білімі мен кәсіби […]

Қан донорлығы – өмір сыйлауға берілген мүмкіндік!

Шығыс Қазақстан облысында өтеусіз қан донорлығын дамыту және донорларды қолдау бағытындағы жүйелі жұмыс жалғасуда. Шығыс Қазақстан облыстық бюджеті есебінен қаржыландырылатын және «Қазақстанның болашағы үшін» Өскемен қалалық жастар қоғамдық бірлестігі жүзеге асырып жатқан «Шығыс Қазақстан облысында өтеусіз қан донорлығы мен оның компоненттерін дамытуды қолдау арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында Өскемен қаласының медициналық […]

Жыл сайын 28 шілдеде вирустық гепатиттер, олардың алдын алу шаралары, уақтылы диагностикалау мен емдеудің маңыздылығы туралы халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында құрылған Дүниежүзілік гепатитпен күрес күні атап өтіледі.

Донорлық қанның жұқпалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қан қызметі қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Донорлық қан және оның компоненттері күн сайын шұғыл медициналық көмек көрсету, күрделі хирургиялық операциялар жүргізу, онкологиялық, гематологиялық және басқа да ауруларды емдеуде қолданылады. Донорлар мен реципиенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әрбір донация міндетті медициналық тексеруден және қан арқылы берілетін жұқпаларға, оның […]

Бұл — донорлық туралы ең жиі кездесетін жаңсақ пікірлердің бірі

Көп адам қан тапсырған соң «салмақ қосылады» деп ойлайды. Ендеше, бұл пікір қайдан шыққан және шын мәнінде не болады — соны қарастырайық. Бұл пікір қайдан шыққан? Көптеген адамдар донорлықтан кейін тәбеттің артуын байқайды. Бұл қалыпты жағдай – ағза қан мен энергияны қалпына келтіруге тырысады. Алайда тәбеттің артуы адамның міндетті түрде салмақ қосатынынбілдірмейді. Денеңізде шын мәнінде […]

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33