Құтқарылған өмірге деген алғыс – донорлықтың мәні

Құтқарылған өмірге деген алғыс – донорлықтың мәні

Кейде донор болу жолы бірнеше жылға созылуы мүмкін, алайда адамдарға
шын жүректен көмектесуге деген ниет болса, ол міндетті
түрде өз мақсатына жеткізеді.
Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында «Шығыс Қазақстан
облысын талдау және болжау институты» ЖШС директоры Ашимова Аяужан
Турсынбековна алғаш рет қан доноры атанды.
Бұл маңызды қадамға ол ұзақ уақыт бойы дайындалды. Бірнеше жыл қатарынан
уақытша қарсы көрсетілімдерге, соның ішінде дене салмағының жеткіліксіз болуына
байланысты донор бола алмады. Алайда Аяужан Турсынбековна өз мақсатына
жетуден бас тартпады. Ол бір күні адам өмірін құтқарып жүрген жандардың қатарына
қосылатынына сенді. Бүгінде оның бұл арманы шындыққа айналды.
Ол үшін донорлық – жай ғана игі дәстүр немесе азаматтық парыз емес. Ол донор
қанының қаншалықты баға жетпес екенін өз тәжірибесінен біледі. Бір кездері қиын
жағдай оның отбасына да әсер етіп, дәл сол кезде донорлар комекке келді. Донор
қанының арқасында оның анасының өмірі сақталды.
«Мен сол адамдарды және олардың жасаған игі ісін әрдайым есімде сақтадым.
Енді өзімде мүмкіндік пайда болған кезде, өзгелерге де көмектесуді азаматтық
парызым деп санаймын. Мүмкін, бір күні менің қаным бір адамның өмірін сақтап
қалуға себеп болар», – деді Аяужан Турсынбековна.
Осындай оқиғалар донорлықтың мейірімділік, өзара көмек және бір-бірімізге
деген жауапкершілік миссиясы екенін баршамызға тағы бір мәрте еске салады. Бүгін
сен донор болсаң, ертең дәл сол донор қаны өзіңе жақын адамның өмірін сақтап
қалуы мүмкін.
Аяужан Турсынбековна саналы таңдауы, бейжай қарамай, игі іске үлгі болғаны
үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Оның алғашқы донорлық күні
қайырымдылықтың жарқын дәстүрінің бастамасы болсын! Бұл оқиға көптеген адамға
шабыт беріп, адам өмірін сақтауға бағытталған алғашқы қадам жасауға
жігерлендірсін.
Әрбір донорлық – өмірге берілген мүмкіндік. Әрбір тамшы қан – үміттің белгісі.

 

 

«Әділет» партиясы өтеусіз қан донорлығын қолдады«Қазақстандық өнеркәсіп кәсіпорны» ЖШС ұжымында алғаш рет қан донорлығы туралы дәріс өтті

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33