Бүгін бүкіл әлем ең ізгі мерекелердің бірі – Дүниежүзілік қан доноры күнін атап өтуде!
Бұл – жүрегі кең, мейірімділік пен жанашырлықты ту еткен жандардың мерекесі. Осы күні біз ештеңе күтпестен, өз қанын тапсырып, өзгенің өмірін сақтауға үлес қосатын барлық донорларға шынайы «алғысымызды» білдіреміз.
Әрбір донация – бір үміт. Бұл – баланың сауығып кетуіне, ананың отбасына аман-есен оралуына, науқастың ертеңгі күнді көруіне берілген мүмкіндік. Ал сол үміттің артында өзгеге көмектесуді таңдаған донор тұрады.
Донорлар – бүгінгі күннің үнсіз қаһармандары. Олар атақ іздемейді, ерекше көзге түсуге ұмтылмайды. Бірақ дәл олардың жанашырлығы мен қайырымдылығының арқасында күн сайын талай адамның өмірі сақталып келеді.
Барлық донорларға қамқорлығы, батылдығы және кең пейілді жүрегі үшін шын жүректен алғыс айтамыз! Адамдарға сыйлаған жақсылығыңыз өзіңізге зор денсаулық, бақыт, сүйіспеншілік және бақ-береке болып оралсын!
Дүниежүзілік қан доноры күні құтты болсын!


