15 сәуір күні Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында мекеме ұжымы мен келушілеріне арналған қан донорлығына байланысты дәріс өтті
Мамандар донорлық қанның маңыздылығы, оның өмірді сақтаудағы рөлі және
кім донор бола алатындығы туралы айтты. Қатысушылар қан тапсыру процесі,
қауіпсіздік шаралары және тұрақты донорлықтың қоғамға пайдасы туралы білді.
Кездесудің ең әсерлі сәттерінің бірі – ұрпақтар арасындағы ашық пікір алмасу
болды: бұрын қан тапсырған жандар жастарға өз тәжірибелерін айтып, не себепті
донор болғанын қандай сезімде болғанын және бұл істің қаншалықты маңызды
екенін жеткізді, Осындай әнгімелер адамдарды жігерлендіріп, донор болуға енді ғана
ниеттенгендердің күмәнін азайтуға ықпал етеді.
Сонымен қатар, қан тапсырудың тұрақты түрде жүргізілуі денсаулықты сақтауға
және белсенді ұзақ өмір сүруге ықпал ететіні атап өтілді, бұл орталық
қатысушыларына ерекше әсер қалдырды
Кездесу барысында қонақтар белсенді түрде сұрақтар қойып, өз пікірлерімен
бөлісті және тақырыпқа шынайы қызығушылық танытты. Мұндай іс-шаралар өтеусіз
донорлық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етіп, адамдарды игі істер төңірегінде біріктіреді.


