Жаңалықтар

Құрметті донорымыз Курманбаев Серик Муратович!

Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздің мейіріміңіз бен адам өміріне деген жанашырлығыңыз — көптеген жандарға үміт сыйлап, өмірін сақтап қалуға себеп болып келеді. Донорлық жолындағы әрбір игі ісіңіз үшін алғысымыз шексіз. Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, еңбегіңізге табыс және өміріңізге мол бақыт тілейміз! Әр күніңіз қуанышқа, жақсылыққа және жарқын сәттерге толы болсын. Адамдарға жасаған […]

Қазақстанда еріктілік тек студенттер мен жастар арасында ғана емес, сонымен қатар бизнес өкілдерінің қатысуымен де белсенді дамып келеді.

Көптеген кәсіпкерлер мен компаниялар қайырымдылық көмек көрсетіп, маңызды қоғамдық жобаларды қолдау арқылы әлеуметтік бастамаларға қосылуда. Мұндай қолдаудың маңызды бағыттарының бірі – қан донорлығы саласы. Бизнес-қоғамдастық қайырымдылық акцияларын ұйымдастыру, донорларға сыйлықтар мен ынталандырулар беру және жаңа мүшелерді тартуға бағытталған ақпараттық науқандарды қолдау арқылы донорлық қозғалыстың дамуына үлес қосады. Қатысудың бұл түрі донорлардың уәждемесін арттыруға көмектеседі және […]

Біз арнайы оқытып, насихаттау жұмысына дайындаған қан донорлығының амбассадорлары енді өздері мектептерде дәріс өткізіп, жастарға қан донорлығының маңызын түсіндіре бастады.

Бұл біз үшін ерекше маңызды, себебі дәл осындай белсенді жастар өскелең ұрпақ арасында өтеусіз донорлық мәдениетін дамытуға үлкен үлес қосады. Бүгін «Қызыл Жарты Ай» қозғалысының студент-еріктісі, «Өскемен жоғары медициналық колледжі» КМҚК студенті Саяшова Айым «Облыстық мамандандырылған IT мектеп-лицейі» КММ жоғары сынып оқушыларына қан донорлығы тақырыбында дәріс өткізді. Кездесу барысында ол оқушыларға донорлықтың ең маңызды тұстарын […]

Тіс дәрігеріне барғаннан кейінгі донорлық

18 жастан асқан кез-келген дені сау адам донор бола алады. Дегенмен, қан және оның компоненттерін беруге белгілі бір медициналық қарсы көрсеткіштер бар. Бүгін біз тіс дәрігеріне барғаннан кейінгі қан тапсырудан бас тарту мерзімдері туралы айтамыз: 1) Егер, Сіз тісіңізді жұлдыртсаңыз – тісті жұлып тастағаннан соң 10 күннен кейін ғана қан тапсыра аласыз. 2) Стоматит болсаңыз-қан […]

2026 жылғы 20 мамырда «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК өнімді беру тобы бөлімінің менгерушісі Шакшанова Альмира Муратовна «ALTAI» телеарнасындағы «Алтай таңы» бағдарламасына қатысып, қан және оның компоненттері донорлығының маңыздылығы жөнінде ақпарат берді.

Бағдарлама барысында маңызды мәселелер қозғалды: қан қорын тұрақты түрде толықтырып отырудың қажеттілігі, донорлықтың қауіпсіздігі, сондай-ақ әрбір донордың адам өмірін құтқарудағы рөлі. Себебі дәл донорлық қан күн сайын ауыр операциялардан кейінгі, онкологиялық аурулары бар, жарақат алған және басқа да өмірлік маңызды жағдайдағы пациенттерге көмек көрсетеді. Донорлық – адамгершіліктің, мейірімділіктің және қоғам алдындағы жауапкершіліктің көрінісі. Өңір тұрғындарының […]

http://vkock.kz/wp-content/uploads/2026/06/WhatsApp-Video-2026-05-21-at-07.57.34.mp4

Құрбан айт қасиетті мерекесі мен Қазақстан полициясы күні қарсаңында Өскемен қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері донорлық акцияға қатысып, қан компоненттерін құюды қажет ететін науқастарға көмек көрсету мақсатында қан тапсырды.

Полиция қызметкерлері адам өмірінің қадірін ешкімнен артық білмейді. Олар күн сайын көмекке бірінші болып келіп, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғайды, қайғы мен алаңдаушылыққа толы, әр минуты маңызды жағдайлармен бетпе-бет келеді. Сондықтан да олар адам өмірін сақтап қалуда донорлық қанның қаншалықты маңызды екенін ерекше жақсы түсінеді. Бүгін погон таққан жандар қоғамға қызмет ету – тек қызметтік […]

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33