Корпоративтік донорлықты дамыту аясында 30 маусымда ForteBank қызметкерлері Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығына келіп, қан құюға мұқтаж науқастар үшін ерікті түрде қан тапсыру түріндегі игі миссияға қатысты. Әрбір донорлық – біреудің өмірін құтқаруға нақты мүмкіндік
ForteBank қызметкерлерінің жанашырлығы мен әлеуметтік жауапкершілігінің арқасында уақтылы медициналық көмек көрсету үшін қажетті қан қоры толықтырылуда. Корпоративтік донорлық – ортақ мақсатпен біріктірілген ұжымның адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға елеулі үлес қоса алатынының жарқын үлгісі болып табылады. Біз ForteBank қызметкерлеріне белсенді азаматтық ұстанымы, жанашырлығы және өтеусіз қан донорлығын қолдағаны үшін шынайы алғыс білдіреміз. Сіздің игі ісіңіз […]

