Жаңалықтар

Корпоративтік донорлықты дамыту аясында 30 маусымда ForteBank қызметкерлері Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығына келіп, қан құюға мұқтаж науқастар үшін ерікті түрде қан тапсыру түріндегі игі миссияға қатысты. Әрбір донорлық – біреудің өмірін құтқаруға нақты мүмкіндік

ForteBank қызметкерлерінің жанашырлығы мен әлеуметтік жауапкершілігінің арқасында уақтылы медициналық көмек көрсету үшін қажетті қан қоры толықтырылуда. Корпоративтік донорлық – ортақ мақсатпен біріктірілген ұжымның адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға елеулі үлес қоса алатынының жарқын үлгісі болып табылады. Біз ForteBank қызметкерлеріне белсенді азаматтық ұстанымы, жанашырлығы және өтеусіз қан донорлығын қолдағаны үшін шынайы алғыс білдіреміз. Сіздің игі ісіңіз […]

Донорлық қанның қауіпсіздігі – Шығыс Қазақстан қан орталығы жұмысының басты басымдығы. Донордың келуінен бастап қан компоненттерін медициналық ұйымдарға беруге дейінгі әр кезең қатаң медициналық бақылаудан өтеді

1-қадам. Донорды тексеру Қан тапсырар алдында әрбір донор міндетті тексеруден өтеді: 1.денсаулық жағдайы туралы сауалнама; 2.қан қысымын, импульсті және дене температурасын өлшеу; 3.қан тобын, резус- факторын, гемоглобин деңгейін және АЛТ белсенділігін анықтау; 4.дәрігердің кеңесі. Бұл донордың да, реципиенттің де денсаулығын сақтау үшін қажет. Алдын ала тексеру мен қан алудың барлық кезеңдерінде тек бір реттік стерильді […]

Қан донорлығы туралы – әлеуметтік оқиғалар тілі арқылы.

2026 жылғы 16 ақпанда облыстық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын «ШҚО халқының салауатты өмір салтын қалыптастыруды өтеусіз қан және оның компоненттерінің донорлығын дамыту арқылы жүзеге асыру» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде өтеусіз қан донорлығына арналған әлеуметтік бейнеролик түсірілді. Бейнероликті «Қазақстанның болашағы үшін» жастар ұйымы «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК және «Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы» […]

Алақай! Шығыс Қазақстанның донорлары үшін жаңа мүмкіндіктер!

Біз өте қуаныштымыз, өйткені өтеусіз қан донорлығын қолдайтын ұйымдар қатары күннен-күнге артып келеді. Біздің тұрақты серіктестеріміздің бірі Amore Flowers гүл салоны, ол донорлық қозғалысты тұрақты түрде қолдап, донорларымызды жағымды акцияларымен қуантып келеді. Және бүгін біз донорларды қолдауға арналған кезекті акцияны қуана жариялаймыз! Енді Шығыс Қазақстанның барлық донорлары Amore Flowers гүл салонында #DONOR промокоды арқылы 20% […]

Донорлық қан үлгілерін мұрағаттау гемотрансмиссивті жұқпаларды зертханалық диагностау жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі және донорлық қанның жұқпалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі элементтерінің бірі болып табылады

АИТВ, В гепатиті, С гепатиті, мерез гемотрансмиссивті жұқпаларының жұқпалық маркерлеріне донорлық қан үлгілерін зертханалық зерттеу сапасына сараптамалық бағалау жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында әрбір донациядан кемінде 1,5 мл көлемінде донорлық қан үлгілерінің сарысуын немесе плазмасын мұрағаттау жүргізіледі. Рәсім бақылауды ашықтықты және кез келген кезеңде нәтижелерді сараптамалық бағалау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Донорлық қан үлгілерін мұрағаттау процесі […]

Бүгін «Alatay City Bank» АҚ-ның ШҚО филиалында алғаш рет Қан доноры күні өтті

Бұл маңызды әрі ізгі шара адам өмірін сақтап қалу жолында өз үлесін қосуға дайын банк қызметкерлерін бір мақсатқа жұмылдырды. Қатысушылардың көпшілігі үшін бүгінгі күн донорлықтың алғашқы тәжірибесі болды. Соған қарамастан, олардың әрқайсысы шын мәнінде үлкен әрі игі қадам жасады. Донорлық қан – ауыр отадан кейінгі науқастарға, жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендерге, сондай-ақ түрлі ауруларға шалдыққан балалар […]

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында күнделікті еңбегі пациенттердің өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған жандарға арналған салтанатты іс-шара өтті

Осы мерекелі күні орталық мамандарына кәсіби біліктілігі, ұзақ жылдар бойғы тиянақты еңбегі, өз мамандығына адалдығы және аймақтағы қан қызметінің дамуына қосқан зор үлесі үшін құрмет көрсетілді. ШҚО әкімі атынан Алғыс хатпен У.С.Тлеушева марапатталды. Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамоталарымен Г.Г.Ережепова, А.Е.Новолодская және Е.И.Стрыжкова марапатталды. Орталық басшылығы әрбір қызметкерге жоғары біліктілік, мұқияттылық және жанқиярлықты […]

ШҚО-дағы «Alatay City Bank» АҚ филиалында қан донорлығы тақырыбында дәріс өткізілді

Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының халықты донорлыққа насихаттау жөніндегі маманы Мира Мустафина банк қызметкерлеріне тұрақты донорлықтың маңыздылығы, донор бола алатын адамдар, қан тапсыру рәсімінің қалай өтетіні және әрбір донорлықтың бір адамның өмірін сақтап қалудағы рөлі туралы айтып берді. Кездесу барысында қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, тақырыпқа шынайы қызығушылық танытты және қоғамда донорлық мәдениетін дамытудың маңыздылығын […]

Құрметті Қазақстан полициясының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Қоғамдық тәртіпті сақтап, азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету жолындағы жауапты еңбектеріңізге алғысымызды білдіреміз. Сіздердің адал қызметтеріңіз, батылдықтарыңыз бен жоғары кәсібиліктеріңіз ел игілігіне бағытталған маңызды миссия болып табылады. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізге табыс, абырой мен құрмет тілейміз. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі жолындағы еңбектеріңіз […]

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33