Жаңалықтар

18 маусымда «ОЛИМП» КДЗ ұжымы тағы да маңызды әрі ізгі іске деген адалдығын көрсетті – зертхана қызметкерлері Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығына келіп, қан мен оның компоненттерін өтеусіз тапсырып, донор болды

Айта кету керек, «ОЛИМП» КДЗ қызметкерлері өтеусіз донорлықты тек өздерінің донорлыққа қатысуы арқылы ғана емес, сонымен қатар донорлық іс-шараларды өткізуге қолдау көрсетіп, донорларға арналған брендтік сыйлықтар ұсыну арқылы да қолдап келеді. Мұндай қолдау қоғамның назарын қан донорлығы мәселесіне аударуға, ерікті көмек көрсету мәдениетін қалыптастыруға және адамдарды игі істер жасауға ынталандыруға ықпал етеді. Қан донорлығы – […]

Адалдық әрқайсымыздан басталады!

2026 жылғы 16 маусымда Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында «Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында ағартушылық түсіндіру іс-шарасы өтті. Іс-шараның спикерлері – Ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын іске асыру аясында, облыстық Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің қолдауымен өткен шарада Республикалық бизнес-тренерлер қауымдастығының мүшесі, «Тәуелсіз зерттеулер орталығы» ҚБ басшысы Жанар Қабидуллақызы, сондай-ақ […]

ШҚО-дағы трансфузиялық көмектің қауіпсіздігі мен сапасы

2026 жылғы 09 мамырда ШҚО ДСБ «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК-де (бұдан әрі – ШҚОҚО) трансфузиология мәселелеріне арналған кезекті облыстық конференция өтті. Конференция жұмысына өңірдің өндірістік және клиникалық трансфузиология саласының мамандары, стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының бас дәрігерлері мен бас дәрігерлердің орынбасарлары қатысты. Конференция гибридті форматта – аудиториялық және онлайн-трансляция түрінде өткізілді. […]

2026 жылғы 12 маусымда өткен донорлық акция мен мерекелік іс-шара біздің әлеуметтік серіктестеріміздің қолдауының арқасында жүзеге асты.

Олар мейірімділік, өзара көмек және адамдардың денсаулығына қамқорлық жасау құндылықтарын бөлісіп келеді. Көп жылдар бойы халыққа гуманитарлық көмек көрсетіп, қоғамның денсаулығы мен әл-ауқатын қолдауға бағытталған әлеуметтік және қайырымдылық жобаларды жүзеге асырып келе жатқан Шығыс Қазақстан облыстық Қызыл Ай қоғамының филиалына ерекше алғысымызды білдіреміз. Олардың қолдауының арқасында іс-шара қатысушылары үшін мерекелік дастархан ұйымдастырылды. Адамдарға жағымды эмоциялар […]

Қан орталығы белсенді және бей-жай қарамайтын еріктілерді, ең алдымен жоғары оқу орындарының, колледждердің және жастар ұйымдарының студенттерін ынтымақтастыққа шақырады.

Бүгінде Қазақстандағы донорлық қозғалыс қарқынды дамуда, алайда еріктілердің қолдауы әлі де қажет. Донорлық акцияларды ұйымдастыруға қатысуға, халықты қан тапсырудың маңыздылығы туралы ақпараттандыруға және донорлармен жұмыс істеуге көмектесуге дайын бастамашыл көмекшілер жетіспейді. Еріктілер: 1) халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге, 2) донорлық іс-шараларды ұйымдастыруға және сүйемелдеуге, 3) жаңа донорларды тартуға, 4) әлеуметтік желілерде донорлық туралы ақпарат таратуға, […]

Бүгін бүкіл әлем ең ізгі мерекелердің бірі – Дүниежүзілік қан доноры күнін атап өтуде!

Бұл – жүрегі кең, мейірімділік пен жанашырлықты ту еткен жандардың мерекесі. Осы күні біз ештеңе күтпестен, өз қанын тапсырып, өзгенің өмірін сақтауға үлес қосатын барлық донорларға шынайы «алғысымызды» білдіреміз. Әрбір донация – бір үміт. Бұл – баланың сауығып кетуіне, ананың отбасына аман-есен оралуына, науқастың ертеңгі күнді көруіне берілген мүмкіндік. Ал сол үміттің артында өзгеге көмектесуді […]

Құрметті Сабралимов Ерлан Сейлгазинович!

Сізді мерейлі 60 жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздің өмір жолыңыз – мейірімділіктің, жауапкершіліктің және адамдарға риясыз қызмет етудің жарқын үлгісі. Донорлық қозғалысты дамытуға қосқан үлесіңіз ерекше құрметке лайық. Сіз 40-тан астам рет қан мен оның компоненттерін тапсырып, көптеген науқастарға сауығып кетуге үміт сыйлап, өмірлерін сақтап қалуға атсалыстыңыз. Сіздей жандардың арқасында күн сайын талай […]

Донорлық жүректерді біріктіреді: ШҚО-да Дүниежүзілік қан доноры күні атап өтілді

Бүгін, 2026 жылғы 12 маусымда, Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында мейірімділік, жанашырлық және адамдарға риясыз көмек көрсету мерекесі саналатын Дүниежүзілік қан доноры күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл күн күн сайын өзінің ізгі ісімен үміт сыйлап, адам өмірін сақтап қалуға үлес қосып жүрген жандарды біріктіріп, өз денсаулығы мен әл-ауқаты үшін емес, өзгелердің өмірі мен саулығы […]

9 маусым күні Дүниежүзілік қан доноры күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК директорының медициналық бөлім жөніндегі орынбасары Татьяна Николаевна Войнова «ALTAI» телеарнасындағы «Алтай таңы» бағдарламасына қатысты

Эфир барысында қан және оның компоненттері донорлығына қатысты маңызды мәселелер талқыланды. Көрермендерге заманауи медицинаның қарқынды дамуына қарамастан, донорлық қанның неге әлі күнге дейін алмастырылмайтын өмірлік маңызды ресурс болып қала беретіні, бір донацияның қанша адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретіні, сондай-ақ ерікті өтеусіз донорлықтың денсаулық сақтау жүйесі үшін маңызы туралы айтылды. Адам өмірін сақтауға жанашырлықпен үлес […]

5 маусым күні, «Өскемен ұн тарту комбинаты» ЖШС-де қан донорлығы тақырыбында кездесу-дәріс өтті

  Кәсіпорын қызметкерлері алдында Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының халықты донорлыққа насихаттау жөніндегі маманы, Өскемен қалалық «Қазақстанның болашағы үшін» жастар бірлестігінің еріктілер -үйлестірушісі Мира Мустафина, сондай-ақ ерікті, «№2 жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің 11-сынып түлегі Боровиков Виктор Алексеевич сөз сөйледі. Кездесу барысында қатысушыларға қан донорлығының ең маңызды қырлары, оның адам өмірін құтқарудағы зор маңызы, сондай-ақ […]

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33