Жаңалықтар

C. Аманжолов атындағы ШҚУ-де Донор күні: көмекке мұқтаж жандар үшін бірге!

7 қазанда С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Донор күні өтті, ол студенттерді, оқытушылар мен университет қызметкерлерін бір маңызды мақсат – бүгінгі таңда қан компоненттеріне мұқтаж адамдарға көмек көрсету жолында біріктірді. Студенттер үшін донорлыққа қатысу – бұл жай ғана игі іс жасау мүмкіндігі емес. Бұл – саналы азаматтық ұстанымға, жауапкершілікке бастайтын және өзге адамға көмек […]

Кейде адамға көмектесу үшін үлкен мүмкіндіктердің қажеті жоқ

Ол үшін ниет пен аз ғана уақыт жеткілікті. Дәл осы туралы ҚАЕУ студенттерімен қан донорлығына арналған кездесу болды. Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының халықты донорлыққа насихаттау жөніндегі маманы, Өскемен қаласының «Қазақстанның болашағы үшін» жастар қоғамдық бірлестігінің ерікті-үйлестірушісі Мира Мустафина студенттермен донорлық тақырыбында ашық әңгіме өткізді. Кездесу тек мәселенің медициналық қырымен шектелмеді. Студенттер: Донор қанының әрдайым […]

«МӘМС қарапайым тілде» деп аталатын көлемді материал дайындадық. Мақалада медициналық сақтандыруға қатысты негізгі сұрақтарға жауап жинақталған

Сіз аударған жарна қайда жұмсалады? ТМККК мен МӘМС пакетіне не кіреді? Кім және қанша төлейді? Қажетті тексеруден немесе емнен қалай өтуге болады? Егер сізге медициналық көмек көрсетуден бас тартса немесе оның ақысын төлеуді ұсынса, не істеу керек? Жүйенің қалай жұмыс істейтінін және өз құқықтарыңызды қорғау үшін қайда жүгіну керегін түсіндіреміз. Материалды Қор сайтынан оқи аласыз. […]

AB (IV) Rh+ қан тобы бар донорларды қабылдау қайта басталды!

Құрметті Өскемен қаласының тұрғындары! Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы IV (AB) оң резус қан тобы бар донорларды қабылдауды қайта бастады. Мекенжайы: Қожақ Барақ көшесі, 11 Қабылдау уақыты: 08:30-дан 13:00-ге дейін Дүйсенбі–жұма Түскі үзіліссіз Жақсылық жасауға асығыңыз! Бір донация үш адамның өмірін сақтап қалуға көмектесуі мүмкін.

Дәрігерлер күні құтты болсын!

Бүгін біз кәсібі терең білім мен жоғары жауапкершілікті ғана емес, кең жүректі де талап ететін жандарды құттықтаймыз. Дәрігер – күн сайын маңызды шешімдер қабылдап, қиын сәттерде пациенттерге қолдау көрсететін, үміт сыйлап, адамдардың денсаулығын қайта қалпына келтіруге көмектесетін жан. Әрбір жұмыс күнінің артында – жылдар бойғы оқу, мол тәжірибе, ұқыптылық және адамдарға шын ниетпен көмектесуге деген […]

Донорлық – түсінуден және көмектесуге деген ниеттен басталады.

Өскемен жоғары политехникалық колледжінде қан донорлығына және оның адам өмірі мен денсаулығы үшін маңызына арналған танымдық кездесу өтті. Студенттерге арналған дәрісті Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының халықты донорлыққа насихаттау жөніндегі маманы, Өскемен қалалық «Қазақстанның болашағы үшін» жастар қоғамдық бірлестігінің ерікті – үйлестірушісі Мира Мустафина өткізді. Кездесу барысында жастар қан компоненттерінің кімдерге қажет екенін, қан тапсыру […]

«Жаңа адамдар» — көмек көрсетуді таңдайтын жастар!

Бүгін Қазақстан-Американдық еркін университетінде (ҚАЕУ) «Жаңа адамдар» жастар қозғалысымен бірлескен акция аясында қан донорлығына арналған ағартушылық дәріс өтті. Студенттерге өтеусіз қан донорлығының маңызы, кім донор бола алатыны, қан тапсыру рәсімі қалай өтетіні және донорлық қозғалысқа тұрақты қатысудың медициналық ұйымдар үшін қажетті қан компоненттерінің қорын толықтыруға қосатын үлесі туралы айтылды. Сонымен қатар азаматтық жауапкершілік және жастардың […]

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33